Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Жамбылда сарбаз өлімі бойынша командир сотқа тартылды

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Сәуір 3, 2026, 10:50 Т.Ж.
0
25

Бас прокуратура Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында сарбаздың қаза болуына қатысты қылмыстық істің тергелуі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz

Ведомствоның хабарлауынша, 27 қаңтарда көз жұмған сарбаз Е. Рустемұлының өліміне байланысты рота командирінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталған. Тергеу барысында оның жеке құрамның қызметін бақыламағаны, әскери қызметшілердің қаруды қолдануын қадағаламағаны белгілі болды. Сонымен қатар, қаза болған сарбаздың әріптестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі де тіркелген.

Қазіргі таңда іс бойынша қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Ал сарбаз өліміне қатысты өзге де мән-жайлар бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Істің барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында.

Айта кетейік, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, алдын ала тергеу деректері жария етілмейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз