Түркістан облысында пара алған полиция қызметкері ҰҚК-ден қашпақ болды
Фото көзі: gov.kz
Қаһар Бинахметов
Қар. 11, 2025, 1:48 Т.Қ.
0
12
Түркістан облысының Созақ ауданында криминалдық полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Алдын ала дерек бойынша, ол жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшылық қару тауып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге сұраған. Полицей ақшаны алған соң жасырынуға тырысқан, бірақ ҰҚК қызметкерлері оны оқиға орнында ұстаған. Тінту кезінде 190 мың теңге табылған.
Қазір күдіктіге қатысты «Пара алу» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Түркістан облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
«Өз қауіпсіздік басқармасы мен ҰҚК департаменті бірлесіп аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дисциплинарлық комиссия шешімімен аталған қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себеппен жұмыстан босатылды. Сондай-ақ өзге жауапты тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.
Облыстық полиция департаменті қызметкерлер арасындағы адалдықты арттыру және заңдылықты сақтау мақсатында жүйелі шаралар жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Өңірлер
ТағыСізді де қызықтырады
Сұхбат
Бөлімге өтіңіз
Қар. 4, 2025, 1:59 Т.Қ.
0
19
Trends
Бөлімге өтіңіз
Қар. 19, 2025, 4:28 Т.Қ.
0
12
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз