Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Шымкентте колледждер арқылы 1,3 млрд теңге жымқырылған

Фото көзі: : ped.kz
ZontNews.kz
Мамыр 13, 2026, 3:15 Т.Қ.

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» мен «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» ЖШС-лерінің құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған. Қылмыстық әрекетке колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де тұлғалар қатысқан.

Схема бойынша азаматтар оқу орындарына формалды түрде қабылданғанымен, іс жүзінде білім алмаған. Соған қарамастан, мемлекеттік білім беру тапсырысы мен кадрларды қайта даярлау бағдарламалары аясында бюджеттен қаржы бөлініп отырған.

Тергеу барысында жалған қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтар рәсімделіп, электронды цифрлық қолтаңбалар пайдаланылғаны, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасалғаны анықталды. Сонымен қатар ақылы бөлімде оқыған кейбір студенттер мемлекет есебінен білім алушылар ретінде тіркелген.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін пайдаланылған.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,3 миллиард теңгеден асқан. Тергеу барысында күдіктілер 65 миллион теңгені ерікті түрде өтеген.

Сот санкциясымен үш пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, сондай-ақ үш тұрғын үй мен үш автокөлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз