Сәрсенбі, 12 Тамыз 2026 г.

$ -
-
-
  • Алматы
    35°C
    • Астана
      26°C
Ру

Шымкент маңындағы апатта бір әулеттің үш адамы қаза тапты

Фото көзі: : Ulysmedia коллажы
ZontNews.kz
Там. 12, 2026, 3:35 Т.Қ.

Шымкент іргесінде болған жол апатынан бір отбасының үш мүшесі – 44 жастағы әйел, оның 17 жастағы қызы және 11 жастағы жиені көз жұмды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 9 тамызда Шымкент–Бадам автожолында болған. Туыстарының айтуынша, отбасы Арыс қаласынан Шымкентке мектепке қажетті киім-кешек алуға шыққан. Оларға Астанадан келген туыстары да қосылған.

Жеңіл көлікке қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан 44 жастағы Гаухар Өзілбаева, оның 17 жастағы қызы және 11 жастағы жиені Айдос қаза тапты.

Марқұмдардың жақындары апаттың ауырлығын айтып, көліктің қатты соққыдан толықтай дерлік қирағанын жеткізді. Қаза тапқан 11 жастағы Айдостың анасы ұлынан айырылғанын айтып, қайғысын бөлісті.

Марқұмдардың туыстары жүк көлігінің жүргізушісі жол апатына қатысты әртүрлі түсініктеме бергенін айтып, оқиғаның мән-жайына күмән келтіріп отыр.

Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Үш жақынынан айырылған отбасы марқұмдарды жер қойнына тапсырды. Туыстары жүк көлігінің жүргізушісі мен иесінің көңіл айтуға келмегеніне наразылық білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз