Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Рудныйда көшелерді қазақша атауға дау-дамай туды

Фото көзі: Наша Газета
Қаһар Бинахметов
Қар. 24, 2025, 11:24 Т.Ж.
0
14

Рудныйда көшелерді қазақша атауға арналған қоғамдық тыңдау дау-дамайға ұласты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Депутаттар «50 лет Октября» көшесін «Достық», ал «Иван Франко» көшесін «Әлия Молдағұлова» деп өзгерту ұсынысын жасады. 12 депутаттың 10-ы шешімді қолдаған, ал КРЦ «Горняк» директоры Валерий Гирфанов қарсы шықты. Тағы бір депутат дауыс беруден бас тартты.

Жиынға көп адам келгендіктен, залға сыймай, жұрт иін тіресіп тұрды. Тұрғындардың пікірі екіге бөлінді: бірі өзгеріс уақыт талабынан туындайды деп санаса, енді бірі жаңа атаулардың мағынасын мойындамады.

«Қоғам өзгереді, уақыт өтеді. Сол сияқты атаулар да жаңарады. Бұл қалыпты құбылыс», — деді бір қатысушы. Тағы бір тұрғын қазіргі атаулар Рудный тарихымен байланысы аз екенін айтты: «50 лет Октября — жай ғана идеологиялық атау. Франко — ірі тұлға, бірақ Қазақстанға қатысы жоқ. Сондықтан қайта атауды қолдаймын».

Тыңдау кезінде Екатерина Корчагина регламентті бұзғаны үшін залдан шығарылды. Мәслихат басшысы Азамат Ысқақов оның үстінен полицияға шағым түсірді.

«Мұнда «Достық» атауын ойланбай таңдаған сияқты. Франконың атына келсек, Әлия Молдағұлова да сол кезеңнің өкілі. Кеңеске қатыстыны алып тастап, неге осыны ескермейсіздер? Бұдан не өзгереді?» — деді Корчагина.

Енді ұсынылған өзгерістер республикалық ономастикалық комиссияның қарауында. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев «50 лет Октября» атауын өзгерту орынды дейді.

«Бұл атаудың бүгінгі мемлекет үшін идеологиялық маңызы қалмаған. Бұрын шетелдік сарапшылар Қазақстан кеңестік мұраны жою үшін көшелердің атын өзгертеді деп дабыл қаққан еді. Ал Франко көшесін Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова есімімен алмастырса, олар бұл жолы үндемейтін болар».
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз