Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Фото көзі: Видеодан алынған кадр
ZontNews.kz
Шілде 7, 2026, 11:20 Т.Ж.

Павлодар облысында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен арнайы операциясы барысында бопсалау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен бір топ адамның заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды  ZontNews.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеудің алдын ала мәліметінше, күдіктілер Ақсу және Екібастұз қалаларында азаматтарды қорқытып, жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің арасында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар.

Тінту кезінде ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін маңызды өзге де айғақтар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция мәліметінше, бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полицияға 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз