Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

Көмек сұраған қыз құтқарылды

Фото көзі: : ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
ZontNews.kz
Маусым 30, 2026, 9:30 Т.Ж.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері ішінде көмек сұраған бойжеткен болған автокөлікті тоқтатты. Қыз көлік ішінен қолын бұлғап, тәртіп сақшыларынан араша сұраған, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Отырар»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Патрульдік полиция күдік тудырған Kia көлігін тоқтатқан кезде бойжеткен бірден сыртқа жүгіріп шығып, полициядан көмек сұраған.

Оқиғаға байланысты некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алайда кейін қыз өзінің болашақ жұбайымен қарым-қатынасы өзара келісімге негізделгенін айтып, болған жайтты араларындағы жанжалдың салдары деп түсіндірген. Сондай-ақ ол арыз жазудан бас тартқан.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз