Жума, 7 Тамыз 2026 г.

$ 467.48
539.52
5.73
  • Алматы
    28°C
    • Астана
      22°C
Ру

ҚМА: Қызылордада заңсыз алтын өндірген топ әшкереленді

Фото көзі: : adventtr/Getty Images
ZontNews.kz
Там. 7, 2026, 6 Т.Қ.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысының прокуратурасы және ҰҚК департаментімен бірлесіп, заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Тергеу мәліметінше, Шиелі ауданындағы Жаманкөл шатқалында табиғи алтын заңсыз өндірілген. Қылмыстық топ мүшелері арасында міндеттер нақты бөлінген: бірі алтын өндіруді ұйымдастырса, екіншісі оны тасымалдап, сатумен айналысқан, ал қалғандары қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Заңсыз әрекетті жасыру үшін аумаққа бақылаушылар қойылып, мотоциклмен айналаны бақылап отырған.

Агенттік мәліметінше, өндірілген алтын Алматыға жеткізіліп, сатылған, ал түскен табыс топ мүшелері арасында бөлінген.

Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, екі техника, 12 металл іздегіш, алты автокөлік, екі пневматикалық тапанша және бір тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Қазір 13 күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚМА мәліметінше, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз