Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      21°C
Ру

Көкшетауда бухгалтер 70 млн теңге жымқырып, сотталды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 22, 2026, 5:40 Т.Қ.
0
13

Көкшетауда педагогикалық колледждің бухгалтері бюджеттен 70 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, әйел бірнеше жыл бойы қызмет бабын пайдаланып, қаражатты заңсыз иемденген. Ол басшысының электронды қолтаңбасын қолданып, жалған төлемдер рәсімдеп, сондай-ақ өзіне негізсіз жалақы аударып отырған.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, ұрланған қаржының бір бөлігін қарыздарын жабуға, автокөлік пен пәтер алуға жұмсағанын айтқан.

Сот шешімімен оған мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, мемлекетке 65 млн теңге залалды өтеу міндеттелді.

Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 2027 жылға дейін кейінге қалдырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз