Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Әйелді өртеп, азаптады деген күдік: Таразда ер адам ұсталды

Фото көзі: : Shutterstock/FOTODOM
ZontNews.kz
Шілде 30, 2026, 2:30 Т.Қ.

Тараз қаласында әйелін өртеп, ұзақ уақыт бойы азаптады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, әйел бірнеше жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Жарияланған ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Осыдан кейін полиция күдіктіні ұстап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз