Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Бейнеуде 126 қой қырылып қалды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 29, 2026, 4:42 Т.Қ.

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бір шаруаға тиесілі 126 қой белгісіз себеппен қырылды. Оқиғаның мән-жайын аудан әкімдігі түсіндірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.  

Оқиға 28 қыркүйекте болған. Әлеуметтік желіде қорада қырылып жатқан қойлар түсірілген бейнежазба тарады. Алдын ала ақпарат бойынша, мал «Бейнеу Су Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны маңында жиналған судан ішкен.

Бейнеу ветеринариялық станциясы мен аудандық аумақтық инспекция мамандары оқиға орнына барып, тексеру жүргізді. Қойлардың нақты неден қырылғаны әзірге белгісіз.

Зертханалық сараптама жасау үшін жиналған судан және өлген малдан сынамалар алынды. Нәтижесі он күннен кейін белгілі болады.

Қойлардың өлекселері ветеринариялық талаптарға сәйкес биологиялық шұңқырға жеткізіліп, өртелді. Қораға дезинфекция жүргізілді. Тірі қалған малдан жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ.

Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тұралы Жолышовтың айтуынша, жағдай аудан әкімінің бақылауына алынған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз