Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

Астанада заңсыз өткен концерт тоқтатылды

Фото көзі: : видеодан скриншот
ZontNews.kz
Шілде 14, 2026, 11 Т.Ж.

Астанада тұрғындардың шағымынан кейін көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде заңсыз ұйымдастырылған музыкалық іс-шара тоқтатылды. Тексеру барысында жертөледен 65 адам шығарылып, олардың 28-і кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Полиция мәліметінше, жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген концерт барысында қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төнген. Сонымен қатар іс-шара өткен жерде алкоголь өнімдерінің сатылғаны белгілі болды.

Барлық қатысушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз