Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Астанада 3 келіден астам мефедрон тәркіленді

Фото көзі: Ашық дереккөздерден
Zontnews.kz
Қаз. 7, 2026, 2:45 Т.Қ.

Астанада есірткінің ірі партиясын елордаға жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі таратты деген күдікпен 20 жастағы ер адам мен 18 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Күдіктілер отырған KIA көлігі елордаға кіреберістегі бекеттердің бірінде тоқтатылған. Көлікті тінту кезінде екі вакуумдалған пакет салынған қорап табылды. Сараптама оның құрамында 2 келі мефедрон бар екенін көрсетті.

Кейін күдіктілер тұрған пәтер тінтіліп, тағы 1 келіге жуық мефедрон, сондай-ақ есірткіні өлшеп, орауға арналған заттар тәркіленді. Жалпы тәркіленген заттардың салмағы 3 келіден асты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткіні жеткізу және тарату арналарына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз