Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы жігіттің мәйіті су қоймасынан табылды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 26, 2026, 9:30 Т.Ж.

Алматыда із-түзсіз жоғалған 25 жастағы Ерзат Егінбай төрт күннен кейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы су қоймасынан өлі табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Марқұмды балықшылар байқап қалған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы бұл оқиғаны күмәнді өлім деп санап, істің әділ тергелуін талап етуде.

Туыстарының айтуынша, Ерзат 19 мамыр күні әдеттегідей жұмысқа кеткен. Алматыда геодезист көмекшісі болып істейтін жігіт түскі уақытта “дүкенге барып келемін” деп жұмыс орнынан шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Кешке оның жиналысқа келмегенін байқаған әріптестері жұбайына хабар берген.

Сол сәттен бастап отбасы өз күшімен іздеу жұмыстарын бастаған. Жақындарының сөзінше, полиция тарапынан жедел әрекет болмағандықтан, бейнебақылау камераларын өздері қарап, жігіттің соңғы жүрген бағыттарын анықтауға тырысқан. Анасы Талша Құсайынованың айтуынша, Ерзат ешқандай күмәнді ортаға араласпаған, күнделікті жұмысы мен үйінің арасында ғана жүрген.

Кейін оның Алматы облысындағы Космос ауылы бағытына кеткені белгілі болған. Камера жазбаларында Ерзаттың алаңдап, жан-жағына қайта-қайта қарағаны байқалады. Сағат 15:20 шамасында ол “Мектеп” аялдамасынан түскен. Одан кейінгі қозғалысы белгісіз болып қалған.

Төрт күн бойы туыстары ауруханалар мен мәйітханаларды аралап іздеген. Ал 23 мамыр күні оның денесі Космос ауылы маңындағы жекеменшік су резервуарынан табылғаны туралы суық хабар жеткен.

Марқұмның жақындары оның өлімі кездейсоқ жағдай немесе суицид екеніне сенбейді. Олардың айтуынша, мәйіттің мойын тұсында тұншықтыруға ұқсас іздер болған. Алайда полиция алдын ала мәлімет бойынша зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, Ерзат Егінбай шаңырақ көтергеніне жарты жыл ғана болған. Бір апта бұрын ғана болашақта әке атанатынын білген жас жігіттің қазасы жақындары үшін ауыр соққыға айналды. Отбасы бұл істің ашық әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз