Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -4°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Алматы мен оның айналасында жер сілкінісі тіркелді

Фото көзі: скриншот
Қаһар Бинахметов
Жел. 4, 2025, 12:57 Т.Қ.
0
17

Алматы мен оның айналасында жер сілкінді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер «айтарлықтай сезілді». Азаматтық қорғау сиреналары іске қосылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары жер сілкінісін 4 желтоқсан, Астана уақытымен 12:44-те тіркеді. Эпицентр Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан.

Тереңдігі шамамен 5 шақырым, магнитудасы 6,7. Мамандардың есептеуінше, Алматы қаласы мен бірнеше ауданында дүмпулердің күші «2–3 баллға жеткен».

Кеген, Талғар, Есік, Райымбек аудандарының кейбір ауылдарында жер сілкінісі «3 баллға дейін сезілген», ал Боралдай, Ұзынағаш, Қонаев, Шонжы өңірлерінде әлсіз дүмпулер тіркелген. Қазірге дейін ғимараттардың қирағаны немесе жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Жер сілкінісінің ошағының координаттары: 41.021 с.е., 78.387 ш.б., тереңдігі 5 шақырым, энергетикалық класы 14.0, магнитудасы MPV 6.7.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз