Алика Мұхамадиеваға 3,5 жыл жаза кесілді, бірақ сот залынан босатылды
Қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиева әлеуметтік желідегі қазақтар туралы жариялаған жазбалары үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сот отырысында прокурор Мұхамадиеваны ұлтаралық араздықты қоздырды деп танып, төрт жарым жыл жаза тағайындауды сұраған. Тергеу мәліметінше, оның жазбалары қоғамда шиеленіс туғызуы мүмкін болған. Сараптама қорытындысы да осы тұжырымды растады. Прокурордың айтуынша, Мұхамадиеваның пікірлері ұлттық сезімге тиіп, «дінаралық негізде шиеленіс туғызуы ықтимал» болған.
Соңғы сөзінде Мұхамадиева тағы да кешірім сұрады. «Құрметті сот, мен айтқым келгеннің бәрін алдыңғы отырыстарда жеткіздім. Бірақ бүгін тағы да кешірім сұраймын. Өз қателігімді түсіндім. Менің кішкентай қызым бар, сондықтан жаза тағайындағанда осыны ескеруді өтінемін. Адам кейде бәрін жоғалтқанда ғана бағалай бастайды. Мен соны түсіндім», деді ол.
Сот Мұхамадиеваны кінәлі деп танып, үш жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын бекітті. Алайда оның кәмелетке толмаған қызы бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.
Қолданыстағы заңға сәйкес, мұндай кейінге қалдыру үкім шыққан күннен бастап бес жылдан аспауы тиіс.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз