Ақтөбеде ер адам танысының есепшотынан 1 миллион теңге аударып алған
Ақтөбеде 41 жастағы ер адам танысымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде оның сенімін пайдаланып, ұялы телефоны арқылы 1 миллион теңгені өз есепшотына заңсыз аударып алған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оқиға кезінде жәбірленушінің назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланған күдікті оның телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өз шотына 1 миллион теңге аударған.
Жәбірленуші бұл заңсыз аударымды бірнеше күннен кейін банк операцияларын тексеру кезінде байқап, бірден полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындап, аударылған қаражатты жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.
Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз