29 жастағы жігіт үйінде не жасаған?
Алматы облысының Қарасай ауданында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхана анықталды. Арнайы операцияны Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Тергеу мәліметінше, 29 жастағы күдікті жеке тұрғын үйді есірткі дайындайтын зертханаға айналдырған. Ол қажетті жабдықтар мен химиялық заттарды интернет арқылы сатып алып, өндіріс процесін де онлайн нұсқаулықтардың көмегімен ұйымдастырған.
Тінту барысында тәртіп сақшылары 28 келіден астам α-PVP синтетикалық есірткісін, 880 литр прекурсорды және есірткі өндіруге арналған арнайы құрылғыларды тәркіледі.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, тәркіленген өнім зертханада дайындалған алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз