Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    11°C
    • Астана
      6°C
Ру

Алимент қарызы үшін баспанасынан айырылды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 24, 2026, 3:40 Т.Қ.

Қостанай облысында алимент төлеуден ұзақ уақыт жалтарған екі борышкердің жылжымайтын мүлкіне өндіріп алу шаралары қолданылды. Олардың балалары алдындағы жалпы қарызы жеті миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды ZontNews.kz. Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау шаралары барысында Қарабалық ауданы тұрғындарының бірі кәмелетке толмаған баласына алимент төлемей жүргені анықталды. Оның берешегі 3,6 миллион теңгеден асқан.

Баланың заңды құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура атқарушылық іс жүргізу аясында тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2026 жылғы 6 мамырда Қарабалық аудандық соты борышкердің Қарабалық кентіндегі тұрғын үйіне өндіріп алу туралы ұйғарым шығарды.

Екінші жағдайда ер адам 2019 жылдан бері баласын асырау міндетін орындамаған. Осы уақыт ішінде оның алимент бойынша қарызы 3,4 миллион теңгеге жеткен.

Прокуратураның бастамасымен борышкерге тиесілі жылжымайтын мүліктің жартысына өндіріп алу қолданылды. Қазір берешекті өтеу есебінен пәтердегі үлесті алимент алушыға беру рәсімі жүргізіліп жатыр.

Осылайша, прокуратураның араласуымен екі іс бойынша балалардың құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз