Жексенбі, 22 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    4°C
    • Астана
      -5°C
Ру

Жұманғарин: Азық-түлік бағасының өсуіне импорт пен әлемдік қымбатшылық әсер етті

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 4, 2026, 2:27 Т.Қ.
0
12

ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс отырысында Қазақстандағы азық-түлік бағасының қымбаттау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрдің айтуынша, ел әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етілмеген. Қамтамасыз ету деңгейі 70–90% аралығында, ал қалған бөлігі импорт есебінен жабылады. Импорттың басым бөлігі Ресейден жеткізіледі.

Серік Жұманғарин баға өсіміне бірнеше фактор әсер етіп отырғанын атап өтті. Біріншіден, әлемдік нарықта азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр – әсіресе май, сүт және ет өнімдері. Екіншіден, қазақстандық фермерлер экспорттың тиімділігін көріп, ішкі нарықтағы бағаны көтеруге бейім.

Сонымен қатар министр «инфляция импорты» құбылысына тоқталды. Оның сөзінше, Ресейде қаңтар айында азық-түлік инфляциясы 2% болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,8% болған.

Министр бағаның өсуін тек қосылған құн салығының (ҚҚС) 4%-ға көтерілуімен байланыстыру дұрыс емес екенін айтты. Сондай-ақ ең төменгі жалақы немесе зейнетақы алатын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуге кеңес берді.

Салық реформасынан кейін «мемлекетке деген сенімнің төмендеуі» туралы пікірлерге қатысты Серік Жұманғарин сенімсіздік билік пен қоғам арасында диалог болмаған жағдайда туындайтынын, алайда қазіргі жағдайда ондай мәселе жоқ екенін мәлімдеді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз