Жетісу облысында ақсақал ұлдарынан қорлық көргенін айтып, көмек сұрады
Жетісу облысында 62 жастағы Бақытбек Қадысұлы өз ұлдарынан жәбір көріп жүргенін айтып, араша сұрады. Бұл туралы ZontNews.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, Ақсу ауданында тұратын қария 31 және 34 жастағы ұлдарының тарапынан жиі қысым көретінін айтқан. Оның сөзінше, олар қыстың күні далаға апарып, аяқ киімсіз қалдырып кеткен жағдайлар да болған.
«Аяғымдағы аяқ киімді шешіп алып, қар еріп жатқан кезде екі сағаттай далада қалдырды. Полиция келгенде ғана аяқ киімімді қайтарып берді. Салдарынан бүйрегіме суық тиді», – дейді ол.
Бақытбек Қадысұлы 2013 жылы отбасымен бірге Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған. Ауылда етікшілікпен айналысады. Айтуынша, ұлдары оның шеберханасына да барып, тігін машинасын, құрал-саймандарын және ақшасын алып кеткен. Тіпті кейде шеберханасының ішіне желім құйып кеткенін де жеткізді.
Аталған жағдай бойынша полиция қарияның екі ұлын қамауға алған. Сот шешімімен оларға жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды. Қамаудан босатылғаннан кейін олар профилактикалық есепке алынатын болады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз