Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Жел екпіні 30 м/с-тан асады: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 15, 2026, 6 Т.Қ.

Қазақстанның 17 өңірінде 15 қазанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер бірқатар облыста екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаңбыр мен қар және шаңды дауыл күтілетінін ескертті.

Жетісу, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында жел 23–28 м/с-қа дейін күшейіп, кей уақытта 30 м/с-тан асуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болжанады.

Абай облысында көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Сондай-ақ тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау мен Атырау облыстарында да қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр. Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар аймағында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, жолда және ашық аумақта сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз