Зеленскийдің бұрынғы баспасөз хатшысы даулы сұхбат берді
Юлия Мендель америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Владимир Зеленский билігіне қатысты бірқатар даулы мәлімдеме жасап, Украина қоғамында қызу талқылау тудырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұрын Зеленский командасында жұмыс істеген Мендель сұхбат барысында президенттің мінезі, ақпараттық саясаты және соғысқа қатысты ұстанымы туралы ашық пікір білдірген. Оның айтуынша, бастапқыда Зеленскийді қолдағанымен, кейін көзқарасы өзгерген.
Экс-баспасөз хатшысы президенттің камера алдындағы бейнесі мен шынайы болмысы екі түрлі екенін айтып, биліктің ақпараттық саясатында агрессивті медиа стратегия қолданылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол 2022 жылғы Ыстанбұл келіссөздері мен Донбасс мәселесіне қатысты пікір білдірген.
Сұхбаттағы ең даулы тұстардың бірі – Зеленскийдің есірткі қолдануы туралы айтылған сөздер болды. Мендель нақты дәлел келтірмегенімен, оның мәлімдемесі Украина қоғамында қатты сынға ұшырады.
Кейін Украина президенті кеңсесі Мендельдің сөздерін жоққа шығарып, оның мемлекеттік шешімдерге ықпал етпегенін мәлімдеді. Ал сұхбаттан соң ол Миротворец базасына енгізілген.
Такер Карлсон – АҚШ-тағы танымал әрі даулы консервативті журналистердің бірі. Ол Украинаға әскери көмек көрсетуге қарсы пікір айтып, Батыстың Украинаға қатысты саясатын жиі сынап келеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз