Жексенбі, 22 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    4°C
    • Астана
      -5°C
Ру

Ыстықкөлдегі 58 гектар жер 49 жылға жалға берілді: Сенат келісімді бекітті

Фото көзі: Фото көзі: ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Ақп. 12, 2026, 3:56 Т.Қ.
0
25

Сенат депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жерді 49 жыл мерзімге жалға алу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Ыстықкөл облысындағы бірқатар курорттық нысандарға меншік құқығын сақтай отырып, оларды 2029 жылдың соңына дейін жаңғыртуға міндеттенеді. Нысандар 3–4 жұлдызды, жыл бойы жұмыс істейтін қонақүй деңгейіне жеткізілуі тиіс. Тек Дінмұхамед Қонаевтың №1 саяжайы сақталып, музейге айналады.

Келісім Қазақстанға аталған аумаққа инвестор тартуға мүмкіндік береді. Қазақстанның меншігі ретінде «Қазақстан» санаторийі, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы бекітілген.

Қазір Президент Іс басқармасы Ыстықкөл жағалауында жаңа «Қазақстан» санаторийінің құрылысын жүргізіп жатыр. Нысанды 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жоба аясында аумақтағы ескі ғимараттар сүріледі.

Айта кетейік, 2009 жылғы үкіметаралық шартқа сәйкес, Қазақстанға Ыстықкөл аумағындағы 58,8 гектар жер 49 жылға уақытша ақылы пайдалануға берілген. Қырғыз тарапы жалға берілген нысандардың қолсұғылмауына кепілдік береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз