Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      20°C
Ру

Вьетнамнан 2,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Фото көзі: : iStocк
ZontNews.kz
Шілде 24, 2026, 3:40 Т.Қ.

Вьетнамнан Қазақстанға Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына жабдық сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық схеманы ұйымдастырушы экстрадицияланды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, республикалық бюджеттен сот сараптамасы органдарын жабдықтауға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Тергеу барысында жабдықтардың құны үш есеге дейін қолдан қымбаттатылып, мемлекеттік сатып алуда жалған коммерциялық ұсыныстар пайдаланылғаны анықталған.

Салдарынан мемлекетке 2,5 млрд теңге көлемінде шығын келген. Бұған дейін бұл іс бойынша өзге айыпталушылар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Халықаралық іздеуде болған күдікті 2026 жылдың басында Вьетнамда ұсталып, ҚМА, Интерпол және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстанға экстрадицияланды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз