Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      22°C
Ру

Ұлдана Мырзуан ісінде судьяға қарсылық білдірілді

Фото көзі: : BAQ.KZ
ZontNews.kz
Там. 20, 2026, 6 Т.Қ.

Астанада марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы, МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязованы қорғауға жаңа адвокат Асхат Алимов қосылды. Ол іске 20 тамызда кіріскенін айтып, материалдармен танысу үшін сот талқылауын кейінге қалдыруды сұрады.

Сот өтінішті қанағаттандырмады. Судья айыпталушының бұған дейін де қорғаушысы болғанын және адвокатқа іс құжаттарын зерделеуге жеткілікті уақыт берілгенін мәлімдеді.

Алимов бұл шешіммен келіспей, айыпталушының бірнеше адвокат жалдауға заңды құқығы бар екенін айтты. Кейін қорғау тарапы төрағалық етуші судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіретінін мәлімдеді.

Адвокаттың пікірінше, қорғау тарапының құқықтары шектелген. Уәжделген өтініш сот кабинетіне жолданбақ. Судья қарсылықтың сот отырысы хаттамасына енгізілетінін түсіндіріп, айыпталушының қорғану құқығы бұзылмағанын айтты.

Сот жаңа адвокатқа отырыстар арасындағы уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысуға болатынын түсіндірді. Іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз