ҰБТ-ның алғашқы аптасында 86 талапкердің нәтижесі жойылды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, ҰБТ-ның алғашқы аптасында 86 талапкердің тест нәтижесі жойылған. Бұл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.
Қазіргі уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуді 41 мыңнан астам адам тапсырған. Талапкерлердің басым бөлігі емтиханды қазақ тілінде тапсырса, бір бөлігі орыс тілін таңдаған. Сондай-ақ жүзден астам адам тестті ағылшын тілінде тапсырған.
Алғашқы апта қорытындысы бойынша қатысушылардың 57 пайызы шекті балл жинай алған. Орташа көрсеткіш 58 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.
Ереже бұзғаны үшін 46 талапкер тестілеуден шеттетілген. Олардан смартфон, микроқұлаққап, смарт-көзілдірік, шпаргалка секілді тыйым салынған заттар табылған.
Тағы 40 адам тест барысында тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері бірден жойылған.
Министрлік ҰБТ аяқталғаннан кейін де бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексерілетінін ескертті. Егер ереже бұзу деректері анықталса, тест нәтижелері кейін де күшін жоюы мүмкін.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз