Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Түркістан облысында бұралқы иттер екі баланы талап тастады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Мамыр 22, 2026, 9:32 Т.Ж.

Түркістан облысында бұралқы иттер бірнеше балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды КТК-ға сілтеме жасаған   ZontNews.kz. 

Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылында бес жасар қызды ірі төбет талап тастаса, көршілес Жаңа Иқан ауылында тазы тұқымдас ит бірнеше адамға шабуыл жасап, 12 жастағы баланы қапқан. Қазір екі бала да Түркістан қаласындағы балалар ауруханасында ем алып жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, Ескі Иқанда көшеде ойнап жүрген қызға кенеттен ит тап берген. Ауыл тұрғындары баланың айқайын естіп, итті қуып жіберіп, бүлдіршінді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның ауыр жарақат алғанын айтады.

“Қызымның табиғи бет-әлпеті енді қайтып келмейді ғой. Дәрігерлер төрт сағат операция жасап, аман алып қалды”, – дейді анасы Дилафруз Халикова.

Ал Жаңа Иқан ауылында тазы тұқымдас ит көшедегі адамдарға атылып, өріске бара жатқан 12 жастағы баланы жаралаған. Иттің басы сараптамаға жіберілген, әзірге оның құтырған-құтырмағаны белгісіз.

Ауыл тұрғындары қаңғыбас иттердің көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Олардың айтуынша, балалар көшеде ойнаудан, тұрғындар мектепке барудан қорқатын болған.

Сауран аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, бұралқы иттермен күреске бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлінген. Соңғы бір айда 50-ге жуық ит ауланған.

Ал бес жасар қызға шабуыл жасаған төбет әлі табылған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз