Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Түркістан облысында резонанс тудырған іс тергелуде

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 28, 2026, 6 Т.Қ.
0
11

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасалды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «31 арнаның Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап ZontNews.kz. хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Шәмші Қалдаяқов ауылында болған. Полицияға баланың анасы "ұлымды туған әкем зорлады" деген арызбен жүгінген. Баланың анасы құқық қорғау органдарына арыз түсіргеннен кейін іс тіркеліп, тергеу басталды.

Қазіргі таңда барлық мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты қорытынды сот-медициналық сараптама нәтижесіне байланысты белгілі болады.

Динара Зәкиева мәліметінше, 8 жастағы бала арнайы орталыққа орналастырылып, оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.

Оның айтуынша, аталған іс бақылауға алынған және тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Іс Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тарапынан тексерілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз