Тоқаев пен Герцог Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VII саммиті аясында өтті.
Тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары екіжақты байланыстарға тың серпін бергенін айтты. Израиль Президенті Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктері өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл қадамды бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған маңызды үлес деп бағалады.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай да талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажет екенін атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз