Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Тоқаев Оман Сұлтанын қарсы алды

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Қаз. 6, 2026, 1:35 Т.Қ.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады ZontNews.kz.  .

Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Рәсім аяқталған соң Қазақстан мен Оман басшылары келіссөз жүргізуге кірісті.

Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қазақстанға мемлекеттік сапармен 5 қазанда келген. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз