Тоқаев мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Құжаттың негізгі мақсаты – жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде елдің заманауи әрі инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыру. Жарлыққа сәйкес, Үкімет 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін 2026–2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітуі тиіс.
Жоспарда дербес оқыту тетіктері, цифрлық инфрақұрылым, педагог кадрларды даярлау және оқушылардың жеке мәліметтерін қорғау мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, Ли Кай-Фу ұсынымдарын пайдалану көзделген.
Жарлыққа сай, 2026 жылдың 1 маусымына дейін қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады. Ал 1 тамызға дейін мектептер техникалық тұрғыдан жабдықталып, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі. Бұдан бөлек, мұғалімдердің жұмысын алмастырмай, жасанды интеллектіні қосымша тиімді құрал ретінде пайдалану бойынша арнайы шаралар жоспары қабылданады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз