Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде екі тағайындау жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік кеңесі аппаратының екі бөлімшесіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қауіпсіздік кеңесі аппараты Ахуалдық орталығының меңгерушісі болды.
Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік кеңесі аппараты Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекіткен болатын. Құжатқа сәйкес, Қауіпсіздік кеңесінің аппараты Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін дербес мемлекеттік орган саналады.
Аппарат ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау, мемлекеттік басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне институционалдық қолдау көрсету және қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау міндеттерін атқарады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз