Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    11°C
    • Астана
      14°C
Ру

Тоқаев Мишустинмен кездесті: сауда көлемі 30 млрд долларға жақындады

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Наурыз 26, 2026, 3:55 Т.Қ.
0
26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдадыдеп хабарлайды ZontNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу қарқыны талқыланды.

Президенттің айтуынша, екіжақты экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қазіргі таңда жалпы құны шамамен 25 миллиард долларды құрайтын 122 ірі жоба жүзеге асырылған. Ал өзара сауда көлемі 30 миллиард долларға жуықтаған. Тоқаев Ресейдің Қазақстан үшін негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Михаил Мишустиннің Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Цифрлық форумға қатысуы екі ел арасындағы байланыстың жоғары деңгейін көрсететіні айтылды.

Кездесуде Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселелері де қаралды. Мемлекет басшысы бұл сапарды екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды оқиға ретінде бағалады.

Өз кезегінде Михаил Мишустин көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Ол сондай-ақ Қазақстандағы реформалар мен референдум нәтижелеріне оң баға беріп, екі ел үкіметтері қойылған міндеттерді іске асырып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз