Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      18°C
Ру

Темекі бағасы тағы көтерілді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 3, 2026, 6:20 Т.Қ.

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыздан бастап 20 тал темекіден тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Жаңа баға 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің ең төменгі бағасы 970 теңге болған.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 1120 теңгеге дейін өседі.

Жаңа ең төменгі баға сүзгілі және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне қолданылады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл шара салық және баға саясатын жетілдіруге, темекі тұтынуды азайтуға, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі нарықтың үлесін қысқартуға бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз