Таяу Шығыстан 946 қазақстандық елге оралды
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап ZontNews.kz хабарлайды.
Комитеттің мәліметінше, 4 наурыз күні Медина мен Жидда қалаларынан ұшқан бірнеше рейс Қазақстан әуежайларына сәтті қонды.
«Air Astana» әуе компаниясы келесі рейстерді орындады:
– KC2202 рейсі Медина – Ақтау бағыты бойынша сағат 21:28-де қонып, 142 жолаушы жеткізді;
– KC2208 рейсі Медина – Атырау бағытымен сағат 01:19-да қонды, бортта 145 адам болды;
– KC2206 рейсі Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де келіп, 174 жолаушыны жеткізді;
– KC2204 рейсі Жидда – Атырау бағытымен сағат 03:34-те қонды, бортта 179 адам болды.
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Әуе кемесінде шамамен 290 орын бар.
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға барлығы 946 жолаушы қайтарылды. Азаматтарды елге жеткізу шаралары әрі қарай да жалғасады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз