Таразда қамқоршы әйелге қатысты балаларға күш қолдану фактісі бойынша іс қозғалды
Тараз қаласында Құндыз бен Назгүлді, сондай-ақ өзге де кәмелетке толмаған балаларды қамқорлығына алған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, балалар 2025 жылғы 29 желтоқсанда қамқоршысы Зулфия Төленованың үстінен полицияға арыз түсірген. Олар оның мас күйінде өздеріне дөрекі қарым-қатынас көрсетіп, күш қолданғанын айтқан.
Аталған жағдай туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның жазуынша, балалар қамқоршының ішімдік ішкеннен кейін мінез-құлқы өзгеріп, жанжал шығаратынын көрсеткен.
Құқық қорғау органдары бұл дерекке байланысты тергеу амалдарын бастап кеткен.
«Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Кінәсі дәлелденсе, заң аясында тиісті шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді журналист.
Өз кезегінде Зулфия Төленова ішімдікке қатысты айыптауларды жоққа шығарып, оны тек мерекелік шараларда ғана пайдаланатынын айтқан. Алайда Руслан Өтепбай оның мас күйде түсірілген фотосуреттерін жариялаған.
Айта кетейік, Құндыздың әлеуметтік желіде тараған суреттерінен кейін жағдайға назар аударылып, мән-жайды анықтау үшін журналист Тараз қаласына арнайы барған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз