Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова дүниеден өтті

Фото көзі: : t.me/news24kg
ZontNews.kz
Қаз. 27, 2026, 2:20 Т.Қ.

Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы, қоғам қайраткері Роза Айтматова 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz. Шыңғыс Айтматов атындағы қорға сілтеме жасап.

«Роза Айтматованың 89 жасында дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Роза Төрөқұлқызының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген қордың Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

24.kg басылымының мәліметінше, Роза Айтматова физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген білім беру қызметкері және қоғам қайраткері болған.

Ол Маяковский атындағы Қырғыз мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмамдап, Қырғыз КСР Ғылым академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Кейін жоғары оқу орнында дәріс оқып, физика және педагогика салалары бойынша бірқатар ғылыми еңбек жариялаған.

Роза Айтматова өз әулетінің тарихын сақтауға да елеулі үлес қосты. Ол жиені Асан Ахматовпен бірге 1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі Төрөқұл Айтматовтың өмірі мен қызметіне, сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың балалық шағына арналған «Тарихтың ақтаңдақ беттері» кітабын жазды.

Роза Төрөқұлқызы өмірінің елеулі бөлігін әйелдер құқығын қорғауға арнады. 1996 жылы әріптестерімен бірге «Әйелдерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық ұйымын құрған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз