Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Шымкенттегі бойжеткеннің өліміне қатысты іс қайта қаралуда

Фото көзі: Фото көзі: ашық дереккөздерден
Zontnews.kz
Қаң. 23, 2026, 4:31 Т.Қ.
0
36

Шымкентке Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келіп, жедел-тергеу тобы құрылды. Бойжеткеннің өліміне байланысты «Некеге тұруға мәжбүрлеу» (ҚК 125-1-бап) дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Бұл туралы марқұмның адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін ол Нұрайдың ісі бойынша тергеушіге үш рет өтінішхат жолдаған. Адвокат істі «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша қайта саралауды, сондай-ақ сталкинг фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

Қазіргі таңда күдікті «адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Аталған бапта 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үй маңынан бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.

Айта кетейік, 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайда Президент Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырған еді. Осыдан кейін полиция департаментінің басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды. Сондай-ақ министрлік полицейлердің салғырттығына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады