Шымкентте ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды: әйелі күдікке ілінді
Шымкентте ер адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысты марқұмның әйелі күдікті ретінде ұсталған, деп хабарлайды ZontNews.kz. "Жетінші арна"- ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам пышақ жарақатын алғаннан кейін көз жұмған. Полицияның нұсқаларының біріне сәйкес, жанжал барысында оған әйелі пышақ сұғуы мүмкін.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Оқиға Самал-3 шағын ауданында болған. Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыпты бұл жерде пәтер жалдап тұрған. Отбасында кәмелетке толмаған екі бала бар.
Көршілері ерлі-зайыптылардың арасында бұған дейін жанжал болғанын байқамағанын айтады.
Әйел қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс аясында тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің кінәсі сот шешімімен ғана анықталады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз