Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Швейцарияда Әлия Назарбаеваға тиесілі компания таратылды

Фото көзі: : facebook.com/aliya.nazarbaeva
ZontNews.kz
Шілде 24, 2026, 11:53 Т.Ж.

Швейцарияда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі Kerfuffle AG компаниясы ресми түрде таратылды. Бұл туралы ZontNews.kz. «Выход к морю» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Швейцарияның ресми компаниялар тізілімінен Kerfuffle AG алынып тасталды. Әлия Назарбаева 2016 жылдан бері компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Tages-Anzeiger басылымының мәліметінше, компания Цюрих көлінің жағасында ауқатты клиенттерге арналған жеке медициналық клиника салу жобасына қатысқан. Жобаның құны бастапқыда 350 млн швейцар франкіне бағаланған.

Жоба аясында 50 люкс палатасы, операциялық бөлімдері, тікұшақ алаңы және Цюрих әуежайынан клиенттерді жеткізуге арналған тікұшағы бар «Қамал» кешенін салу жоспарланған.

2018 жылдың көктемінде қазақстандық тарап жобаны қаржыландыруды тоқтатқанымен, швейцариялық кардиолог оны 2020 жылға дейін өз қаражатымен жалғастырып, қарызға батқан. Кейін Kerfuffle AG одан шамамен 1 млн швейцар франкін талап еткен.

Қаржылық қиындықтардың салдарынан дәрігер вилласын өртеп жіберіп, кейін аукцион қарсаңында өзіне қол жұмсаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз