Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды
Қазақстандық MMA файтері Шавкат Рахмоновтың әкесі 2 тамызда 66 жасында қайтыс болды. Бұл туралы спортшының жаттықтырушысы Эдуард Базров Tengri Sport тілшісіне хабарлағанын ZontNews.kz. жазады.
Шавкат Рахмонов әкесінің қазасы туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында ақпарат жарияламаған.
«Иә, бұл рас. Әрине, мұндай жағдай болғаны өкінішті. Бірақ бәріміз пендеміз, әр адамның дүниеге келетін және өмірден өтетін өз уақыты бар. Шавкаттың әкесі қайтыс болды, жер қойнына тапсырылды», – деді Эдуард Базров.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. Содан бері жарақатына байланысты октагонға қайта шыққан жоқ.
Соңғы мәлімет бойынша, қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін 2027 жылдың басында өткізуді жоспарлап отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз