Шалқардағы төбелес: 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
Шалқар ауданында жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы Әлихан Жәнібекұлы қаза тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz. редакциясына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер арасында туындаған жанжал кейін төбелеске ұласқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға «Маяк» пен «Рабочий» аудандарының жастары арасындағы кикілжіңнен шыққан болуы мүмкін.
Төбелес барысында Әлихан жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Марқұмның әкесі Жәнібек Әлиманов болған жайтты әлі де түсіне алмай отырғанын айтты. Оның сөзінше, оқиға түнде болған, ал өзі сол сәтте жұмыстан жаңа ғана келген. Ауруханаға жеткенде ұлын көре алмай қалған.
Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Белгілі болғандай, Әлихан биыл тамыз айында 18 жасқа толуы тиіс еді. Ата-анасы оны әскерге жіберуді жоспарлаған. Ол отбасындағы кенже бала болған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз