Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Сайлау бақылаушыларына шектеу қойылуы мүмкін

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 14, 2026, 4:35 Т.Қ.

ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі жыл сайынғы конференциясында Қазақстандағы азаматтық қоғамның жағдайы мен сайлауды тәуелсіз бақылау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Exclusive.kz-ке сілтеме жасап.

Конференция 5–15 қазан аралығында Варшавада өтіп жатыр. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін Швейцария Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның қолдауымен ұйымдастырған. Оған мемлекеттердің, ЕҚЫҰ институттары мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысуда.

12 қазанда конференцияда «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецова сөз сөйледі. Оның бағалауынша, Қазақстанда тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдарға, журналистер мен билікті сынаушыларға қысым күшейіп, бейбіт жиындар өткізу мүмкіндігі шектеулі күйінде қалып отыр.

«Мен азаматтық қоғамға қысым көрсетуді тоқтатуға тікелей шақырамын», – деді Швецова.

Құқық қорғаушы сайлауды тәуелсіз бақылау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2026 жылы күшіне енген сайлау заңнамасындағы өзгерістер шетелдік гранттар алатын үкіметтік емес ұйымдар үшін құқықтық белгісіздік туғызған.

Швецованың сөзінше, қор Орталық сайлау комиссиясынан түсініктеме сұраған. Алайда басқа жобаларына шетелден қаржы алатын ұйымның сайлауды бақылауды жалғастыра алатыны немесе алмайтыны жөнінде нақты жауап берілмеген.

Тәуелсіз бақылау мәселесін халықаралық ұйымдар бұған дейін де көтерген. 2026 жылғы наурыздағы референдум алдында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы «Еркіндік қанатын» консультацияға қатысқан ұйымдардың қатарына қосып, Қазақстандағы сайлау процестеріне тәуелсіз баға берудің маңызын атап өткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз