Республика күніне орай қазақстандықтар қазанда үш күн қатарынан демалады
Қазан айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр. Биыл ел тұрғындары ұлттық мереке - Республика күнін атап өтеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
2026 жылғы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, қазан айында қазақстандықтар жалпы 10 күн демалады.
Республика күні биыл 25 қазан, жексенбіге түседі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мереке демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, демалыс басқа күнге ауыстырылады.
Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады. Яғни Республика күніне байланысты 26 қазан, дүйсенбі, демалыс күні болады.
Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке. Ол 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылдануына байланысты белгіленген.
2009 жылы Республика күні ресми мерекелер тізімінен алынып тасталды. Ал 2022 жылғы маусымда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерекені қайта қалпына келтіруді ұсынды.
Сол жылдың қыркүйегінде Қазақстан Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізді. Нәтижесінде 25 қазан қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз