Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    7°C
    • Астана
      -3°C
Ру

Рақымшылық кімдерге беріледі: ІІМ түсіндірді

Фото көзі: : ІІМ
ZontNews.kz
Наурыз 18, 2026, 1:04 Т.Қ.
0
7

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында рақымшылыққа қатысты жаңа нормаларды түсіндірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қолданылады.

Министрдің айтуынша, рақымшылық ауыр және қауіпті қылмыс жасағандарға қолданылмайды. Атап айтқанда, терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, азаптау фактілері, сондай-ақ қайталама қылмыс жасағандар мен іздеуде жүрген тұлғалар бұл тізімге кірмейді.

Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық аясында жеке тұлғалардың орындалмаған айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесі де қарастырылып отыр. Бұл ретте нақты санаттар, есептен шығару көлемі мен тәртібі заң жобасын әзірлеу барысында уәкілетті органдар тарапынан егжей-тегжейлі пысықталады.

Еске салайық, Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімшілік істер бойынша рақымшылық тетігін екі апта ішінде әзірлеуді тапсырған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз