Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Рахат Әлиевтің аты Эпштейннің хаттарында аталды

Фото көзі: NYT
Қаһар Бинахметов
Қар. 26, 2025, 12:41 Т.Қ.
0
30

Рахат Әлиевтің есімі Джеффри Эпштейннің хаттарында аталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Хаттарға сәйкес, Әлиев АҚШ-пен байланыс орнатуға тырысып, қауіпсіз елге көшуге және туыстарының бизнесінен алынған шамамен 2 миллиард долларды қайтаруға көмек сұраған. Ол бұл әрекеттер арқылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты қиын жағдайға қалдыруды мақсат еткен.

Сол кезеңде Обама әкімшілігі араласудан бас тартқан. Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоагланд хаттарында «Әлиев пен қазақстандық билік Вашингтонды өз мүддесі үшін пайдалануға тырысады» деп ескерткен.

Еске салсақ, жасөспірім қыздарды азғындыққа салды деп айыпталған американдық миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты құжаттарда Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты да кездескен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз