Путин Тоқаевты сайлау нәтижесімен құттықтады
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтайға өткен алғашқы сайлаудың қорытындысымен құттықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасап.
Кремль жариялаған құттықтауда Ресей басшысы билеуші «Әділет» партиясының жеңісіне ерекше тоқталды. Путиннің пікірінше, сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен дауыс беру нәтижелері Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси бағытқа халықтың қолдау білдіретінін көрсетті.
«Сайлаушылардың жоғары белсенділігі мен халықтың дауыс беру нәтижелері сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге және халықаралық аренада оның мүдделерін қорғауға бағытталған саясаттың кеңінен қолдау тауып отырғанын айқын дәлелдейді», – делінген құттықтауда.
Владимир Путин жаңадан сайланған Құрылтай депутаттары ресейлік парламентарийлермен белсенді ынтымақтастық орнатып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосады деген сенім білдірді.
Сөз соңында ол Қасым-Жомарт Тоқаев пен Құрылтай депутаттарына табыс, ал Қазақстан халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Айта кетейік, Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы Қазақстанда 23 тамызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, жаңа парламент құрамына бес партия кірді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз