Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Психиатрға жүгіну есепке қоюды білдірмейді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 6, 2026, 4:02 Т.Қ.

Психиатрдың кеңесін алу немесе Психикалық денсаулық орталығына бару адамға бірден ауыр диагноз қойылып, арнайы есепке алынады деген сөз емес. Бұл туралы Алматы қаласының бас штаттан тыс психиатры Наби Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. BAQ.KZ. сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, қоғамда психиатрға жүгінген адам міндетті түрде есепке қойылады деген қате түсінік бар. Пациентті тұрақты бақылауға алу үшін оның жазбаша келісімі қажет.

Адам өзіне немесе айналасындағыларға қауіп төндірген жағдайда ғана бұл талап қолданылмайды. Мұндай шешімді бір дәрігер емес, кемінде үш маманнан құралған дәрігерлік-консультациялық комиссия қабылдайды.

Қазір Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығында шамамен 18 мың адам тұрақты бақылауда тұр. Ең жиі кездесетін диагноздар қатарында интеллектуалдық даму бұзылыстары, тұлғаның органикалық өзгерістері, шизофрения және оған жақын психикалық бұзылыстар бар.

Наби Есімов психикалық денсаулыққа қатысты көмек сұраудан қорықпауға шақырды. Оның сөзінше, маманға дер кезінде жүгіну көптеген күрделі жағдайдың алдын алуға көмектеседі.

Биылғы тоғыз айда Алматыда психикалық денсаулық қызметтеріне жүгінгендер саны 45 мыңға жуықтаған. Сонымен қатар аутизм диагнозы қойылған 1,5 мыңнан астам бала есепте тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз