Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

Фото көзі: Фото: Акорда
ZontNews.kz
Қаң. 22, 2026, 11:28 Т.Ж.
0
38

Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеті  ел Конституциясын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеудеп хабарлайды ZontNews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, жарлықпен комиссияның ережесі мен құрамы бекітілген. Құжаттың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.

Комиссия Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Конституцияны реформалау бойынша ұсыныстарды дайындап, оларды құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан пысықтаумен айналысады. Өз қызметінде комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнаманы, Президент пен Үкімет актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды және бекітілген ережені басшылыққа алады.

Комиссия құрамына төраға, төраға орынбасарлары, хатшы және мүшелер кіреді. Оның құрамына Парламент депутаттары, мәслихат басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер енген.

Комиссия төрағасы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссияның хатшысы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады